jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жарық дүниеге қош келдің, қызым": Ақбота Сейітмағамбет отбасылық қуанышымен бөлісті

    Ақбота Сейітмағамбет
    Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

    Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбеттің отбасында қуаныш. Өнер иесінің туған інісі алғаш рет әке атанды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ақбота Сейітмағамбет бұл қуанышты жаңалығын Instagram желісінде жария етіп, қалың көпшіліктен сүйінші сұрады. Шоу-бизнес жұлдызының бауыры қызды болған.

    "Таңым қуанышпен бақытқа бөленіп атты бүгін! Жүрегім тулап, өзімді қоярға жер таппай, алып-ұшып жүрдім күні бойы. Мына жалғанда ет жүрегім, жаным бауырымның барына арқаланып, шүкір етіп өмір сүріп келемін. Міне, сол бауырымның отбасы бүгін жанға толығып, Алланың нұрына бөленіп жатыр. Көбейіп, өніп, өсіп жатқанымызға мыңда бір тәубе! Алтыным, ақ бөпем, қызым, жарық дүниеге қош келдің!
    Анашымыздың көзі тірі болғанда "немерем келді" деп бақыттан басы айналар еді, амал нешік?! Енді апаңның орнында сені сүйіп, кеудеме басып, бар жақсылығыңды бірге бөлісіп, қамқорың болып өтуге ұзағынан жазсын жаратқан. Ата-анаңа, жақындарыңа мейрімді, қайрымды, халқыңа беделді қыз болып өсе ғой, құлыным! Бұл әлем сені шаттықпен шалқытып өсірсін", - деп жазды әнші.

    "Жарық дүниеге қош келдің, қызым": Ақбота Сейітмағамбет отбасылық қуанышымен бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.