jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Назарбаев Мария Мудряктың "Астана опера" театрында өткен концертіне барды (фото)

    Нұрсұлтан Назарбаев пен Мария Мудряк
    Нұрсұлтан Назарбаев пен Мария Мудряк. Фото: Елбасының ресми сайты

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрына барып, белгілі опера әншісі Мария Мудряктың "Саған арнаймын, менің Қазақстаным!" атты жеке концертін тамашалады, деп хабарлайды elbasy.kz.

    Әнші "Болашақ" бағдарламасы бойынша Миландағы Жоғары музыкалық академияда білім алған, сондай-ақ Дж.Верди атындағы Мемлекеттік консерваторияны табысты бітірген. Көптеген халықаралық музыкалық конкурстардың лауреаты.

    Әлемге әйгілі театр сахналарында өнер көрсетіп, жұртшылыққа танылған Мария Мудряк аз ғана уақыт ішінде сұранысқа ие опера әншілерінің біріне айналды.

    Нұрсұлтан Назарбаев
    Фото: Елбасының ресми сайты

    Концерт Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналды. Мерекелік бағдарламаға сондай-ақ баритон Владимир Стоянов (Болгария) және "Астана Опера" театрының симфониялық оркестрі қатысты. Дирижері – Альвизе Казеллати (Италия).

    фото
    Фото: Елбасының ресми сайты

    Концерттен кейін Нұрсұлтан Назарбаев Мария Мудрякпен әңгімелесті. Әнші өзінің шығармашылық жоспарымен бөлісті. Қазақстанда тағы бірнеше концерт өткізуді жоспарлап отырғанын, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің қонақтарына арнап өнер көрсететінін айтты.

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің жоғары кәсіпқой өнерпаз екенін атап өтіп, оған шығармашылық табыс тіледі.

    Нұрсұлтан Назарбаев пен Мария Мудряк
    Нұрсұлтан Назарбаев пен Мария Мудряк. Фото: Елбасының ресми сайты

    Назарбаев Мария Мудряктың "Астана опера" театрында өткен концертіне барды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.