jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Қонақүйде биге басқан Қайрат Нұртас желіні шулатты (видео)

    Қайрат Нұртас
    Фото: Instagram/kair_n

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Өнер иесі қонақүй бөлмесінде билеген сәтімен бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Нұртас бұл видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда әртістің қыстық күртеше мен тәпішке киіп алып, бидің түбін түсіріп жатқанын көруге болады.

    Айта кетейік, соңғы кезде Қайраттың жары Жұлдызбен ажырасқаны жайлы ел арасында тараған қауесет көп. Алайда жұлдызды әулет бұған қатысты нақты жауап бермеді. Ал өнер иесінің әр әрекетінен астар іздейтін жанкүйерлері бұл жолы да оны "күйзелісте жүр" деп болжады.

    "Қиналып жүрген сияқты, Жұлдыз ханымды сағынып", "Отбасы бәрінен биік, қанша жұлдыз болсаң да! Жасандылық, өзін-өзі алдау", "Қайрат, күйзелісте жүрсің-ау шамасы", "Тәпішкеңіз күшті екен", "Видеоңыз от", "Стиліңіз жолда қалып кетті ғой биіңізден кейін", - деп пікір қалдырды көпшілік.

    Алайда, Қайрат Нұртас кейіннен бейнежазбасының астына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.