jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Оңай болмады": Жұлдыз Әбдікәрімова театр сахнасына қалай оралғанын айтты

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 15 жылдық үзілістен кейін актерлік мансабын қайта жандандырды. Өнер иесі небәрі 15 күн ғана дайындалып, киелі театр сахнасына оралған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз Әбдікәрімова театрға қайта оралып, кәсіби түрде рөл сомдау өзіне оңай соқпағанын айтады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

    "15 жыл үзілістен кейін 15 күндік дайындықпен киелі сахнаға қайта оралу оңай болмады. Қателіктеріммен, қобалжуыммен, қорқынышыммен бетпе-бет келдім. Көрермен ыстық қабылдағанмен, өзіме көңілім толмады. Бұл маған үлкен мотивация болды. Өзімді қамшылауға мақсат та бар", - деп жазды актриса.

    Оған қоса, өнер иесі өзіне сенім білдірген театр ұжымы мен барша қолдаушыларына алғысын жеткізді.

    "Алдымен қандай бастамамда да қолдау білдіріп, жылы сөзімен жанымнан табылатын оқырмандарыма, жақындарыма алғыс айтамын. Одан соң маған зор сенім артып, тәжірибемнің аздығына қарамай театрдан басты рөл ұсынған Айнұр әпкеме рақмет.
    Алғашқы күннен-ақ жылы қабылдап, қойылымның сәтті шығуы үшін күні-түні еңбектеніп жүрген ең талантты, креативке толы театр ұжымына рақмет. Кішкентай төбемді тау, тауларымды биік шың көретін, кіршіксіз қуанатын, әр дұғасына амандығымды қосып отырар әкем мен анама, кішкентай болса да, үлкен жүректерімен бәрін түсініп, қолдайтын балаларыма мың алғыс. Ең бастысы, осының бәрін тағдырыма жазып берген жаратқаныма мың шүкір", - деп ағынан жарылды ол.

    "Оңай болмады": Жұлдыз Әбдікәрімова театр сахнасына қалай оралғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.