jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ең керемет ене": Алтынай Жорабаева отбасылық суретімен бөлісті

    Алтынай Жорабаева отбасымен
    Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

    Қазақ эстрадасының жұлдызы Алтынай Жорабаева ерекше отбасылық суретімен бөлісіп, елді тәнті етті. Көпшілікке әншінің енесімен арақатынасы қатты ұнап қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Алтынай Жорабаева аталмыш фотоны Instagram парақшасында жариялаған. Онда эстрада жұлдызының жолдасымен, енесімен және екі қызымен бірге кешкі аста отырғанын көруге болады.

    Сонымен қатар, өнер иесі өзге екі қызы неге отбасылық бас өқосуда жоқ екенін түсіндірді.

    "Отбасылық кешкі ас. Анамыз ортамызда. Жаным сол, ең керемет ене. Негізі мамам төрде отыр . Фотоны басқа жағынан түсірді. Аяулым Шымкентте. Айнара туған күнде", - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға жылы лебіздерін білдірген.

    "Бағың баянды болсын. Жолдасыңның жүзі жылы, жақсы азамат екені көрініп тұр. Сыйластықтарың мәңгі болсын. Аллам тіл көзден сақтасын", "Жарасымды отбасы, Аллам тіл көзден сақтасын", "Ас дәмді болсын керемет бір үйдің ұйытқысы болып жүре беріңіз Алтынай ханым", "Енесі мен келінінің арақатынасы қандай керемет. Бәрі осындай болсын", - деп жазуда халық.

    "Ең керемет ене": Алтынай Жорабаева отбасылық суретімен бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.