jitsu gif
Шоубиз

    "Әкесі мен баласы": Ұлымен суретке түскен Тәуекел Мүсілім елді сүйсіндірді (фото)

    Тәуекел Мүсілім ұлымен
    Фото: Instagram/mussilim

    Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім желіде ұлымен түскен суретін жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Қалың көпшілік әкесі мен баласының суретін, көріп сүйсінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тәуекел Мүсілім перзентімен түскен фотосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда жұлдызды әке ұлын көтеріп тұрғанын көруге болады.

    Желі қолданушылары оларға тамсана қарап, жылы лебізін білдірген. Қалың көпшілік актердің қайда жүрсе де, ұлын бірге алып жүретініне тәнті болған.

    "Әжесінің көшірмесі", "Ұлыңызды тастамайды екенсіз. Жарайсыз, керемет әкесіз", "Қандай күшті, енді әрбір шараға баласымен барып жүрген сияқты ғой", "Тәтті балақай, анаңыздан айнымайды екен", "Сондай керемет көрініс. Байқасам, балаңыз әрдайым қасыңызда жүреді", - деп жазуда оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.