jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Тарихта болмаған": Әбдіжаппар Әлқожа тойдан кейінгі әсерімен бөлісіп, елге ұлдарын көрсетті (фото)

    Әбдіжаппар Әлқожа
    Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

    30 мың адамға көкпар беріп, артынан үлкен той жасаған Әбдіжаппар Әлқожа отбасылық қуанышынан кейінгі әсерімен бөлісті. Әнші өзіне қолдау білдірген барша жақындары мен достарына алғысын айтып, мұндай көкпардың тарихта болмағанын жеткізді. Сондай-ақ, өнер иесі алғаш рет қалың көпшілікке үш ұлын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әбдіжаппар Әлқожа Instagram парақшасында үш батырымен түскен суретін жариялап, дүбірлі тойдың нәтижесімен бөлісті. Өнер иесі той да, көкпар да өзі ойлағандай өткеніне аса қуанышты екенін жасырмады.

    "Кешегі тойды қандай сөзбен жеткізіп, қандай видео ,суретпен елге жеткізерімді білмей отырмын! Бақытты күн болды! Қаншама халық көкпарда бір үйдің баласындай жүрді. Ең бастысы айқай ұрыссыз,дау дамайсыз өтті. Тарихта болмаған көкпар болды деп ойлаймын өзім. Алла осы күнге жеткізгеніне сансыз шүкір еттім. Еліміз аман жұртымыз жақсылықта жүрсін.
    Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Алматыдан келген достарыма мың алғыс! Өнердегі ағаларыма басымды иіп рахмет айтамын! Жетісайдағы достарыма мың алғыс! Жалпы Қазақ дейтін еліме басымды игенім иген. Көрермен болып келген жұрттың қошеметіне, айтқан тілектеріне алғысымды шын жүрекпен айтамын! Барша баршаңызға тек қана алғыс айтамын! Ұлдарымыз өсіп өнсін. Алла тіл көзден сақтасын! Елімізде той думан, көкпар, бәйге көп болсын", - деген тілек білдірді өнер иесі.

    Желідегілер де әншіні қолдап, оның ұлдарына жылы лебіздерін білдірді.

    "Тарихта болмаған": Әбдіжаппар Әлқожа тойдан кейінгі әсерімен бөлісіп, елге ұлдарын көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.