jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қате кетіп қалған": Әлия Телебарисова ерекше тегі туралы бар шындықты айтты

    Әлия Әнуарбек
    Фото: Instagram/aliya_anuarbek

    Отандық танымал актриса Әлия Телебарисова қалың көпшілікке өзінің ерекше тегі туралы айтып берді. Елге танылған күнінен бастап халық өнер иесінің тегіне қатысты түрлі қауесеттерді айтып жүрген. Бірі оны орыс ұлтының қызы десе, енді бірі елдің назарын аудару үшін тегін ойдан құрастырған деп те болжаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлия Телебарисова тегінің тарихы Instagram парақшасында жазды. Киножұлдыз не себепті екі тегін де қолданатынын түсіндірді.

    "Әнуарбек атымен шыға бастаған кезде, көпшілік мені "Ағайынды" сериалындағы серіктесім Әнуар Нұрпейісовке жасырын күйеуге шықты деп айта бастады. Енді біреулер бұл менің шынайы тегім емес, тек "телевизияға" сай келгендіктен ойлап тапқан деді. "МузТВ" премиясында Ксения Собчак менің тегімді естіп таңғалды. Тіпті "Алла Борисовна сияқты ма?" деп қалжыңдады", - деді өнер иесі.

    Бүгінгі күні актриса "көңіл күйіне қарай" екі тегін де қолданатынын айтты. Шын мәнінде, актрисаның тегі – Телебарисова, ал Әнуарбек әкесінің аты болып шықты.

    "Кеңестік кезеңде атамның төлқұжатында қате кетіп қалған, бар болғаны сол. Ол қателік атаммен де тоқтамаған. Әкемнің 7 әпке-қарындасы мен бір бауыры бар. Олардың да фамилиялары әртүрлі. Біреу  – Телебарисов, біреуі – Тилабарисов және т.б. Бірақ маған телевизиялық фамилиямен дүниеге келу бұйырыпты. Енді Телекинобарисова деп ауыстырсам ба екен?" – деп әзілдеді актриса.

    "Қате кетіп қалған": Әлия Телебарисова ерекше тегі туралы бар шындықты айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.