jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жағымпаздарды суқаным сүймейді": Дариға Бадықова өзінің мінезін сөз етті

    Дариға Бадықова
    Фото: Instagram/dariga_badykova

    Отандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде өзінің мінезі туралы сөз қозғады. Өнер иесі табиғатынан қатал адам екенін айтады. Алайда ол соңғы кездері жұмсарып бара жатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Дариға Бадықова өзіне қатысты көпшілік біле бермейтін тың мәліметтерді Instagram парақшасында бөлісті.

    Актриса әр істің әділ шешілгенін қалайтынын айтады.

    "Кейінгі кезде мінезім жұмсарып барады. Жалпы мінезім қатал, майда, пәтуәсі жоқ ұрыстарға кірісе бермеймін. Ұрыс болып жатса тоқтатуға тырысамын. Мінезім қатал, дауысым да байсалды. Шәңкілдеп айғайлай алмаймын.

    Не нәрсенің әділ болғанын қалаймын. Жағымпаз мінезділерді суқаным сүймейді. Ешкіні тәте дей бермеймін. Бірақ бірбеткейлігімнің арқасында жетістік болған сияқты. Кейінгі кезде жұмсарып барамын. Көп нәрсеге көз жұмып, қойшы дейтін болыппын. Әділ болса да, болмаса да тұра беретін болыппын. Неге? Тұйықталып кетпейтін шығармын, иә? Тұйық мінезділер ұнай бермейді", - деп жазды ол.

    "Жағымпаздарды суқаным сүймейді": Дариға Бадықова өзінің мінезін сөз етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.