jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қор болып, ластанған жер қаншама": Тамара Асар қоршаған ортаға қамқор болуға шақырды

    Тамара Асар
    Фото: Instagram/tamara_assar_official

    Әнші Тамара Асар қалың көпшілікті Жер күнімен құттықтап, желіде жазба жариялады. Өнер иесі адамзатты қоршаған ортаны аялап, барынша таза ұстауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Тамара Асар халыққа өз үндеуін Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Ол әр адам өзі өмір сүретін аймағының тазалығына үлкен мән беру керек екенін алға тартты.

    "Ардақты ағайын. Мереке құтты болсын. 22 сәуір – бүкіл әлемдік Жер күні. Адамзат баласының тіршілік мекені жер-анамызға бір күнді арнап, тілек тілеп, мерекесімен құттықтасақ артық болмас. Адамның жер-анасыз күні жоқ, жер-ананың оны айтар тілі жоқ. Әр пенде, қоршаған ортасын, отырған жерін, өмір сүретін аймағының тазалығына үлкен мән беріп, оны таза ұстаса, және өз үлесін қосса, жаратушы алдында нағыз сауап алар ма еді. Адам жаны түршігер, қор болып, ластанған, қоқыс пен қалдық басқан жер қаншама", - деп жазды ол.

    Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, оның үндеуіне құлақ асты.

    "Өте дұрыс айтылған сөздер. Жердің қадірін білу керек", "Бәріміз таза ұстауға атсалысу керекпіз", "Басып жүрген жерімізді қадірлейік, өсірейік", "Тамара ханымның әр сөзімен келісемін", "Жерді ластайтын біз ғана. Сол себепті, жер-анамызға қамқор болуымыз керек", - деп жазуда оқырмандар.

    "Қор болып, ластанған жер қаншама": Тамара Асар қоршаған ортаға қамқор болуға шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.