jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Балаларының жанынан қалмайды": Гүлзира Айдарбекова өзін сынға алғандарға жауап берді

    Гүлзира Айдарбекова балаларымен
    Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғармен және жаңа түскен келінімен бірге шетелге барамын деп елдің сынына қалды. Желі қолданушылары продюсер ханымның балаларының қасынан қалмайтынына шүйліккен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Гүлзира Айдарбекова елдің сыни пікірлерінен кейін көпшілікке өзі жауап беруді жөн көрген. Жұлдызды ананың айтуынша, аталмыш сапарға оны жас жұбайлардың өздері ертіп апарған.

    Оған қоса жұлдызды жанұя Түркияға демалуға емес, жұмыс бабымен барған.

    "Жақында Түркия еліне барған естеліктеріміз лентамда сақталып тұра берсін деп салып қойдым. "Осы мамасы балаларының жанынан қалмайды екен" деп біраз сынға алып тастап жатқандар да жоқ емес.

    "Анашым, сіздердің де еңбектеріңіз, бізбен демалысқа жүріңізші" деп қалса, ел не дейді деп уайымдап бітетін халге жеттім. Біреудің отбасын ойрандап, азаматымның өзге әйелінің балаларын пайдаланып жүргенім жоқ. Алла берген Нүрекең екеуіміздің өз ұрпағымыз, енді қашып-пұшып, тығылып жүре алмаймын ғой.

    Балаларымызға бас-көз болып, бір тірліктің басын ашып берсек, ары қарай алып кетер деген ниетіміз, ата-аналық парызымыз. Олардың жеңісі – біздің жетістігіміз. Түркия еліне демалысқа барғанымыз жоқ, жұмыспен бардық. Алла қаласа ол жұмысымыз жайлы аз уақытта өздеріңізбен бөлісетін боламыз. Айлардың Сұлтаны Ораза айындағы тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болсын ағайын", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

    "Балаларының жанынан қалмайды": Гүлзира Айдарбекова өзін сынға алғандарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.