jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бірге бола алмаймыз": Динара Қырықбаева сүйіктісі туралы айтты

    Динара Қырықбаева
    Фото: Instagram/kyrykbayeva

    Әнші Динара Қырықбаева жеке өміріне қатысты сыр шертіп, сүйіктісі туралы айтып берді. Өнер иесі ұнататын адамы бар екенін растағанымен, онымен бірге бола алмайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Динара Қырықбаева әлеуметтік желіде бұған дейін кездесіп жүрген адамы бар екенін жазып жүрді. Алайда әнші өздерін жұп деп атаған жоқ.

    Ал бұл жолы өнер иесі жеке өміріне қатысты бар шындықты ақтарды. Үш баланың анасы бүгінде ұнататын жаны бар екенін айтқанымен, онымен қарым-қатынас құра алмайтынын жеткізді.

    "Өкінішке орай, біз бірге бола алмаймыз", - деп жазды Қырықбаева.

    Динара Қырықбаеваның Stories-і
    Скриншот: Instagram/kyrykbayeva

    Эстрада жұлдызы жеке өміріне қатысты ары қарай пікір білдіруден бас тартып, көпшілікке ата-анасы туралы айтып берді.

    "Мен әкем сияқты ашық, ақкөңіл, жомарт, талантты әрі қонақжаймын. Әкешім, сізді қатты жақсы көремін. Денсаулығыңыз мықты болсын", - деп жазды әнші.

    Динара Қырықбаеваның Stories-і
    Фото: Instagram/kyrykbayeva

    "Сұлулығым, ақылым, қонақжайлығым анама тартқан. Менің анам - керемет әйел. Талғамы мінсіз. Не істесеңіз де бәрі жоғары деңгейде болады. Сізді жақсы көремін", - деп жазды Динара.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.