jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Айгүл Елшібаева жаңа жасын дүркіретіп атап өтті (видео)

    Айгүл Елшібаева
    Фото: Айгүл Елшібаеваның Instagram парақшасы

    Әнші Айгүл Елшібаева жаңа жасын ерекше қарсы алды. Өнер иесі жеке мерекесіне орай думанды той жасап, барша ет-жақындарының басын қосты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Айгүл Елшібаева туған күнін елорда мейрамханаларының бірінде тойлаған. Думанды тойға әншінің туған-туыстары мен өнердегі жақын достары жиылған.

    Олардың арасында Алтынай Жорабаева, Гүлнұр Оразымбетова, Қыдырәлі мен Қарақат, Мөлдір Мұқанова, Сара Тоқтамысова, Мейрамбек Бесбаев және т.б. бар.

    Әртістің өнердегі достары оған ақ тілектерімен қатар ән-шашуын да тарту еткен. Олар туған күн иесін ортаға алып шығып, оған әрқайсысы раушан гүлдерін сыйлаған.

    Айгүл Елшібаева мерекелік кеші қалай өткенін өзінің Instagram парақшасында көрсетті.

    "Менің туған күнімді думанға айналдырған достарыма, гауһар тастарыма көп рахмет. Сыйластық сәні, өмірдің мәні", - деп жазды әнші.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.