jitsu gif
Шоубиз

    "Еш өзгермеген": Айгүл Иманбаева жас кезіндегі фотоны бөлісті

    Айгүл Иманбаева
    Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

    Әнші Айгүл Иманбаева желіде бұрынғы суретін жариялап, елді таңғалдырды. Желі қолданушылары әртістің жас кезінен өзгермегенін жарыса айтып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Айгүл Иманбаева жеке мұрағатындағы суретті Instagram парақшасында бөлісті. Онда әншінің Нұрлан Әлімжановпен бірге отырғанын көруге болады.

    "Мұрағаттағы мына фотоны қараңыздар", - деп жазды әртіс.

    Актрисаның сөзінше, аталмыш фото 2003 жылы түсірілген.

    Желі оқырмандары қос жұлдыздың қанша жыл өтсе де өзгермегенін жарыса жазуда.

    "Нұрлан Әлімжанов та, сіз де әлі сол қалпысыздар", "Жас кездеріңізден еш өзгермеген секілдісіздер", "Әлі де жап-жассыздар", "18-20 жаста шығарсыздар мында", "Әлі де сол күйі", "Жақсы сақталған екеуі де", "Сіз сол қалпы сұлусыз. Нұрлан Әлімжан әркез сымбатты ғой", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.