jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Тұла бойым тұңғышым": Айдарбекова ұлының өзіне шығарған әніне пікір білдірді

    Гүлзира Айдарбекова
    Гүлзира Айдарбекова мен Қайрат Нұртас: instagram.com/gulziraaidarbekova/

    Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың өзінің құрметіне шығарған су жаңа әнін оқырмандарға бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Айдарбекова желі қолданушыларынан қолдау білдіріп, перзентінің өзіне арнаған әніне өз бағасын беріп өтуін сұрады.

    "Үміт артқан ұл-қыздарымыз барша ата-ананы бақытқа жеткізсін! Ұлымның өзіме арнаған әнін тыңдап көріңіздер. Қайрат Алла бақ берсін, жан балам, тұла бойым тұңғышым", - деп жазды продюсер.

    Оған қоса Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында отбасылық мұрағаттағы суреттерді де бөліскен. Онда Қайрат Нұртастың бала кезі көрініс тапты.

    Желі қолданушылары хитменнің жаңа туындысына оң бағасын беруде. Олардың сөзінше, ән әсерлі шыққан.

    "Анасын сыйлаған баланың болашағы жарқын. Гүлзира ханым, қандай бақыттысыз. Ән керемет шыққан". "Өте мағыналы өлең екен", "Ән көңілімнен шықты. Әркез сапалы дүние жасап шығарасыздар", "Ана - бала бақытымен бақытты, еңбегіңізбен бала бақытына қол жеткіздіңіз. Бәрі де еңбектің арқасы. Жарайсыз! Әрбір ана сіздей-ақ болсын", "Нағыз от өлең. Әрі сізге арналған. Әбден лайықтысыз", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.