jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ұлдарымыз үмітті ақтасын": Гүлнұр Оразымбетова жолдасын туған күнімен құттықтады

    Гүлнұр Оразымбетова күйеуімен
    Фото: Instagram/gulnurorazymbetova

    Әнші Гүлнұр Оразымбетова күйеуін жаңа жасымен құттықтап, желіде оған жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Өнер иесі Instagram парақшасында отағасына деген ақ тілегін жолдап, онымен түскен суретін жариялады.

    "Туған күніңізбен, Секе. Өмірдің біз үшін дайындаған әдемі сыйы, бақыты, қуанышы таусылмасын. Ұлдарымыз үмітімізді ақтасын", - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары туған күн иесіне деген құттықтаулар легін жалғастырып кетті.

    "Қандай жарасымды жұп", "Бір жастықта қартайып, балаларыңыздың қызығын бірге көруді нәсіп етсін", "Әйтеуір дегенде отағасын салыпсыз ғой. Керемет жұп", "Туған күніңізбен. Өте білімді, қарапайым, іскер азамат! Ұлдарыңыздың қызығын көріп, Гүлнұрыңызбен қол ұстасып, ұзақ жасаңыз", "Бақытты болыңыздар. Осылай бірге қол ұстасып ғұмыр кешіңіздер", - деп жазуда көпшілік.

    "Ұлдарымыз үмітті ақтасын": Гүлнұр Оразымбетова жолдасын туған күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.