jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Актриса Анар Батырхан көпшілікке "сүйіктісін" көрсетті (фото)

    Анар Батырхан
    Фото: Instagram/anarabatyrkhan

    Отандық актриса Анар Батырхан желіде әйгілі үнді актері Шакрух Ханмен түскен суреттерін жариялап, көпшілікке оны өзінің "сүйіктісі" ретінде таныстырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Анар Батырхан аталмыш фотоларды Instagram парақшасында бөліскен.

    "Сүйіктім екеуміз сіздерге сәлем жолдаймыз", - деп жазып қойды актриса.

    Желі қолданушылары өнер иесінің әзіліне сүйсініп, оған түрлі пікірін білдірді.

    Ал кейбірі оған өз жасына сай жігітті таңдауға кеңес берді.

    "Анар армандар орындалады. Бір күні шынымен осылай болып жүрмесін", "Бұл кісі қартайды ғой. Жас актерлер көп қой", "Сіз әлі бұл кісіні аңсап жүрсіз бе? Шахрух ата болды ғой", "Фотошопты қатырыпсыз", "Қоймайды екенсіз. Қанша жыл өтсе де махаббатыңыз сол қалпы", "Визуализацияңыз керемет екен", "Бұл актер біздің аналарымыздың да махаббаты болған", - деп жазуда оқырмандар.

    Актриса Анар Батырхан көпшілікке "сүйіктісін" көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.