jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Отандық телеарнаның директоры мен белгілі продюсер шаңырақ көтерді (фото, видео)

    Нағи Бақытбеков пен Аида Тілеухан шаңырақ көтерді
    Видеодан кадр: instagram.com/farkhadkz

    "Қазспорт" арнасының директоры Нағи Бақытбеков шаңырақ көтерді. Ол белгілі продюсер Аида Тілеуханмен бас қосып, үйлену тойын елорда төрінде өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жас жұбайларды қуанышты күнімен құттықтау үшін тойға әншілер мен елімізге белгілі тұлғалар да келген.

    Олардың арасында Айгүл Иманбаева, Нұрлан Еспанов, "Формат" тобы, Құрмаш Маханов, Гүлнұр Оразымбетова, Данияр Өтеген, Тұрсынбек Қабатов, ақын Қалқаман Сарин бар. Сондай-ақ белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан да той төрінен табылды.

    Нағи Бақытбеков пен Аида Тілеуханның үйлену тойы елордадағы мейрамханалардың бірінде өткен.

    Айта кетелік, Нағи Бақытбеков 2020 жылдан бері "Қазспорт" арнасын басқарады және Қазақстан футбол федерациясында қызмет еткен.

    Ал жұбайы Аида Тілеухан ірі продюсерлік орталықта еңбектенуде.

    Отандық телеарнаның директоры мен белгілі продюсер шаңырақ көтерді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.