jitsu gif
Шоубиз

    Әнші Ернар Айдар жалғыз қарындасын ұзатты (видео)

    Ернар Айдар қарындасымен
    Фото: Instagram/ernaraidar_kz

    Әнші Ернар Айдар төрт ұлдан кейін дүниеге келген жалғыз қарындасын ұзатты. Өнер иесінің әулеті барша ағайын-туыстың басын қосып, дүркіретіп той жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әншінің туған қарындасы Жазираның ұзату тойы Тараз шаһарында өткен. Отбасының қуанышын жақындарымен бірге танымал жұлдыздар да бөліскен.

    Олардың арасында Мейрамбек Бесбаев, Қарақат Әбілдина, Әбдіжаппар Әлқожа, Ерке Есмахан, Салтанат Бақаева бар.

    Жаңа отбасылық өмірге қадам басқан Жазираны ортаға Салтанат Бақаева алып шықса, ұзату мәртебесі Қарақат Әбілдинаға бұйырған.

    Ернардың айтуынша, қарындасы кішкентай кезінен Қарақаттың ұзатқанын қалаған. 

    Тойда Ернар Айдардың өзі де әннен шашу шашып, қарындасына арнаған әнін орындады. Одан бөлек әнші Мейрамбек Бесбаевпен дуэт айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.