jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бәрі өзімдікі": Мадина Сәдуақасова макияжсыз түрін көрсетті (фото)

    Мадина Сәдуақасова
    Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Әнші Мадина Сәдуақасова желіде демалысынан сурет жариялап, өзінің макияжсыз түрін көрсетті. Желі қолданушылары өнер иесінің табиғи сұлулығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мадина Сәдуақасова бүгінде отбасымен Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатыр. Эстрада жұлдызы сансыз гастрольдік сапарлардан кейін жанұясымен уақыт өткізуді жөн көрген.

    Бұл саяхаты кезінде әнші Абу-Даби қаласының әсем жерлерін ғана емес, өзінің табиғи сұлулығын да паш еткен. Ол Instagram парақшасында бояусыз түскен суретін жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды.

    "Тек татуаж құртып тұр. Бәрі өзімдікі деп жазайын десем", - деді әртіс.

    Желі қолданушылары өнер иесіне макияжсыз жүрген әлдеқайда жарасатынын жазды.

    "Әншілердің ішінде осы Мадина ғана шынайы, сұлу. Қалғандары бояумен сұлу болып тұр", "Жас бойжеткендейсіз", "Макияжсыз өте жас көрінеді екенсіз", "Бояу екен ғой бәрін құртып тұрған", "Табиғи сұлулыққа не жетсін. Өз жасыңыздан да жас көрінесіз", - деп жазуда оқырмандар.

    "Бәрі өзімдікі": Мадина Сәдуақасова макияжсыз түрін көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.