jitsu gif
Шоубиз

    "Қызды болып қалармын": Кішкентай қыздармен суретке түскен Бақаеваға ел сүйсінді

    Салтанат Бақаева
    Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

    Әнші Салтанат Бақаева болашақта қызы болғысы келетінін айтты. Бүгінде үш ұлды тәрбиелеп отырған өнер иесі тіпті кішкентай қыздармен ырымдап суретке түсетін болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Салтанат Бақаева кішкентай бүлдіршіндермен түскен суретін Instagram парақшасында жариялады. Онда әртістің бір топ қыздың ортасында отырғанын көруге болады.

    Әнші қыз баланы дүниеге әкелгісі келетінін айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.

    "Үмітсіз шайтан" демекші қыздармен суретке түсе берсем қызды болып қалармын", - деп жазды ол фото астына.

    Желі қолданушылары Бақаеваға бұл қалауы орындалып, техірек қызды болуын тіледі.

    "Бұйыртса ол күн де келер. Үміт үзбеңіз", "Қыз деген жақсы ғой. Сіздей сұлу қыз болсын", "Үш ұлдан кейін ерке қыз келсін отбасыңызға", "Тілегіңіз Алла құлағына шалынсын", "Сізге тілекшіміз", "Бақытты болыңыз. Үмытыңыз үзілмесін", "Сондай ашық ақкөңіл жансыз. Жаратушы жанұяңызға қыз баланы нәсіп етсін", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.