jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Жақында сәбиін дүниеге әкелген Жәния Джуринская мінсіз мүсінін паш етті (видео)

    Жәния Джуринская
    Фото: Instagram/djurinskaya

    Отандық танымал актриса Жәния Джуринская босанғаннан кейін алғаш рет өз дене сымбатын паш етті. Өнер иесі бүгінде күйеуі мен кішкентай қызымен Түркияда демалуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов қызының "қырқынан шығару" рәсімін өткізіп, бірден шетелге демалысқа аттанған. Олар бұл сапарына жақында ғанан дүние есігін ашқан сәбиін де алып барған.

    Актриса бұл демалысы кезінде өз оқырмандарына босанғаннан кейін денесі қалай өзгергенін көрсетті. Ол Instagram парақшасында шомылу киімімен түскен видеосын жариялап, өзінің мінсіз мүсінін паш етті.

    Оған қоса өнер иесі алдағы уақытта Түркиядан баспаналы болып қалатынын айтып қалды.

    "Қазіргі уақытта біз Аланияны аралап, бұл жерден үй сатып алсақ па деп жүрміз. Ертең кеңсеге барып көрмекпіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Аланияға адамдар бекерден бекер көшіп жатқан жоқ. Бұл қала адасып, көңілі болмай жүргендерді өзі шақырады екен. Бұл жер ауруды басады деседі", - деді Джуринякая.

    Жақында сәбиін дүниеге әкелген Жәния Джуринская мінсіз мүсінін паш етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.