jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім": Құралай Анарбекова аруларға өз кеңесін айтты

    Құралай Анарбекова
    Фото: Instagram/kuralay_corich

    Отандық танымал актриса Құралай Анарбекова жас аруларға өз әпкелік кеңесін беріп, оларды тұрмысқа шығуға асықпауға шақырды. Өнер иесінің сөзінше, бойжеткендер отбасын құрмас бұрын жоғары білім алып, саяхаттап, өз арман-мақсаттарын іске асыру керек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Құралай Анарбекова тұрмысқа шығуға қатысты өз ой-пікірін Instagram парақшасында білдірген.

    "Қызым болса, 30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім. Менің сөзім мүмкін біреуге бұрыс болып көрінер, бірақ менің пікірімше, қыз бала жоғары білім алғаннан бөлек, ақша табуды үйреніп, саяхаттап, мақсаттары мен армандарының бір бөлігін жүзеге асырып, өмірлік тәжірибе жинап барып қана отбасын құруы керек. Ғашықтық аяқталып, құштарлық басылуы мүмкін. Сондықтан бұл "ұшқындардың" артында қыздың амбициялары, дұрыс құндылықтары мен ақылды болғаны дұрыс. Сіздер не ойлайсыздар?" – деді Анарбекова.

    Актрисаның бұл сөздеріне қатысты оқырмандарың пікірі екіге бөлінді. Бірі оны толықтай қолдаса, енді бірі оның айтқанымен келіспейтіндерін жеткізді.

    "30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім": Құралай Анарбекова аруларға өз кеңесін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.