jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    KeshYOU тобының бұрынғы әншісі ұзатылды (фото)

    Назым Әбілдина
    Фото: Instagram/nazym_abildina

    Отандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар КeshYOU тобының бұрынғы әншісі Назым Әбілдина ресми түрде келін атанды. Күні кеше бойжеткеннің ұзату тойы дүркіреп өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Назым Әбілдинаның ұзату тойы оңтүстік астананың қымбат мейрамханаларының бірінде өткен. Дүбірлі шараға әнші арудың барша ет-жақыны мен өнердегі бірқатар әріптесі қатысқан.

    Олардың арасында Назыммен бірге "Айгөлек" бағдарламасын жүргізген Еркеш Хасен, Әлихан Байсұлтанов да болды. Олар Instagram желісінде ұзату тойдың ерекше кадрларын бөлісті.

    Еркеш Хасеннің Stories-i
    Видеодан кадр: Instagram/erkesh.khasen

    Сонымен қатар жастарды арнайы құттықтап Нұрболат Абдуллин де келді. Ол барша қонаққа ән-шашуын тарту еткен.

    Еркеш Хасеннің Stories-i
    Видеодан кадр: Instagram/erkesh.khasen

    Айта кетейік, Назым Әбілдинаның таңдауы кімге түскені әзірге белгісіз. Ол сүйіктісі туралы ешқандай ақпарат берген жоқ. Бойжеткен жеке өмірін барынша жасырын ұстауға тырысады.

    KeshYOU тобының бұрынғы әншісі ұзатылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.