jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Менің кезегім келді": Айжұлдыз Адайбекова анасына қажылыққа жолдама сыйлады

    Айжұлдыз Адайбекова
    Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

    Отандық танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова анасын күтпеген жерден қуантып, оған қажылыққа жолдама тарту етті. Желі жұлдызы өзіне өмір сыйлаған жанға деген алғысын білдіргісі келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айжұлдыз Адайбекова мұндай ерекше сыйды тек қана анасына ғана емес, өзін бағып өсірген әпкесіне де жасаған. Ол сапарынан үйге оралған бойда оларға жолдаманы табыстаған. Сөзінше, жақындарын қажылыққа жіберу жайлы ой оған жол бойында келген.

    "Анам мен тәтемді умраға жіберуді шештім. Біздің ата-анамыз бен жақындарымыз жақсылықтың бәріне лайықты. Біз мәңгі емеспіз. Сол себепті жақындарыңызға жылы сөздер көбірек айтыңыздар", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында.

    Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
    Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

    Блогер таң атқан бойда анасын ұйқысынан оятып, оған өз сыйлығын тарту еткен. Жанар Айжанова қызынан мұндай сыйлықты күтпей, өз таңданысын жасыра алмаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.