jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бағаласаң - бақытыңмын": Төреғали Төреәлі келіншегімен романтикалық видео жариялады

    Төреғали мен Толқын
    Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде келіншегі Толқын Тұрарбекқызымен романтикалық видео жариялады. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Төреғали Төреәлі әйелімен түскен бейнежазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Әншінің махаббат пен сезімге толы видеосы бірден оқырмандардың ыстық ықыласына ие болды.

    Онда ерлі-зайыптының қол ұстасып, бірге серуендеп келе жатқанын көруге болады. Оған қоса әртіс келіншегінің маңдайынан сүйіп, оған көзін алмай қарайды.

    "Бағаласаң - бақытыңмын. Сағынсаң - қасыңдамын", - деген жазба қалдырды әнші видео астында.

    Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа лүпілдерін аямай басып, жылы лебізін білдірген.

    "Қандай әдемі, керемет жұп. Тіл-көзден аман болып, бақытты да ұзақ ғұмыр кешіңдер", "Ұрпақтарыңның қызығын бірге көріңдер, аман болыңдар", "Еріне бағынғаны қас қабағынан көрініп, нұр шашып тұрады. Сосын отбасы да берекелі болады, ер азаматы да бағынған әйелін көріп, өзін нағыз ер азамат ретінде ұстап, соған лайық амалдар жасайды", "Нағыз үлгі алар жұпсыздар. Бақытты болыңыздар", - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің қарындасы өз сүйіктісі жайлы алғаш рет пікір білдірген болатын. Дина Әлиханқызы болашақ күйеуіне қатысты тың мәліметпен бөлісті.

    "Бағаласаң - бақытыңмын": Төреғали Төреәлі келіншегімен романтикалық видео жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.