jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бақыттымын": Мадина Сәдуақасова туған күнін қалай атап өткенін көрсетті (фото, видео)

    Мадина Сәдуақасова ата-анасымен
    Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова 43 жасқа толды. Өнер иесі желіде туған күні қалай басталғанын көрсетіп, бүгінде құттықтаулар қабылдап жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Сәдуақасова жаңа жасын тек жақындарының ортасында қарсы алған. Эстрада жұлдызын алғашқылардың бірі болып, ата-анасы мен өз отбасы құттықтаған.

    Ол Instagram парақшасында гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтарымен түскен видеосын жариялады. Оған қоса әртіс ата-анасымен түскен суретін бөлісіп, өзіне ақ тілегін жолдаған әр жанға алғысын айтты.

    "Пах, шіркін! Келіп жетті жаңа жас! Құтты болсын, Мадикош! Туған күніңмен, жаным. Шүкір Аллаға! Бақыттымын! Аллаhым осы бақытымнан айырмай, еселей берсе екен! Өте күшті күн болды! Туған күнді күшті қылатын қасыңдағы, айналаңдағы жандар! Сіздер қаншама құттықтаулар мен тілектеріңізді жаудырып жатсыздар! Мен үшін әрқайсыңыз орны бөлек жансыз. Таныс болсақ та, жеке таныспасақ та бір- бірімізге жақынбыз! Өнеріме рахмет , сіздермен табыстырған! Сіздерге мың - миллион алғыс! Сіздер де бақытты болыңыздар, армандарыңызға жете беріңіздер! Әдемі күн сыйлағандарыңыз үшін", - деп жазды әнші.

    "Бақыттымын": Мадина Сәдуақасова туған күнін қалай атап өткенін көрсетті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.