jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Вокзалда балық сатқанмын": Тележүргізуші Анна Данченко өзі жайлы тың мәліметтерді айтты

    Анна Данченко
    Фото: Instagram/ann_2905

    Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко желіде оқырмандарымен тілдесіп, өзі жайлы көпшілік біле бермейтін тың мәліметтерді бөлісті. БАҚ өкілі аңсаған армандары мен неден қорқатынын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Анна Данченко Instagram парақшасында жаңа жазба жариялап, өзі жайлы бұрын-соңды айтпаған мәліметтерді тізіп шықты.

    "Мен - Аралдың қызымын, бірақ піскен балық жемеймін (нақтырақ айтқанда, "Уха" жемеймін). Жүзе алмаймын, терең судан қорқамын.

    Анам денсаулығына байланысты мені дүниеге әкелмеу керек еді, дәрігерлердің кеңесі бойынша. Бірақ әкем анама қолдау көрсетіп, дәрігерлерді көндірді.

    Бала күнімде Темір жол вокзалында балық сатқанмын. Кейін кафелерге аскөк (укроп) апарып сататынмын.

    Біздің тұқымда егіздер көп, әсіресе нағашылар жақта. Әр отбасыда егіз ұл мен егіз қыздар бар.

    Мен 10 сыныпта "АралТұз Аруы" атанып, бас жүлдеге тігілген 15 мың теңгені әке-шешеме табыстадым.

    Анам жиі ауырғандықтан бала күнімде дәрігер болғым келді.

    Мектепте оқып жүрген кезде маған бір жігіт ғашық болып, ауылдағы “вышкадан” секірем деп Аралды шулатқан.

    Менің есімімді Алёна деп қойғысы келіпті Ата-анам, бірақ кейін Анна деп өзгертті.

    Жеке кітабымды жазып бастадым. Көбіне бала тәрбиесі туралы сөз қозғамақпын. Отбасымдағы құндылықтарды ашық суреттеп жазамын", - деп жазды тележүргізуші.

    "Вокзалда балық сатқанмын": Тележүргізуші Анна Данченко өзі жайлы тың мәліметтерді айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.