jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әлеуметтік желіде хит болған жаңа әннің орындаушысы мектеп оқушысы болып шықты (видео)

    Кәсуар Бекбосын
    Кәсуар Бекбосын. Фото: "Қызық Live" бағдарламасы

    Tiktok желісінде хитке айналған "Бәрі түзеліп келеді" әнінің орындаушысы мектеп оқушысы болып шықты. Кәусар Бекбосын "Қызық Live" бағдарламасында Шымкенттегі Тұран мектебінің 3-сынып оқушысы екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Кәусар Бекбосынның дауысымен салған ән желіде таралып кетеді деп ойламаған.

    "Шымкентте Тұран мөлтек ауданында тұрамын. Тұран мектебінде оқимын. 3-сыныпқа өттім. Анам желіні ашып, қарап отырған кезде "Қызым қарашы, сенің дауысың хит болып жатыр" деп айтты. Мен ән жаздырғалы жатқанда, Бағлан ағайым осы әннің сөзін жаттауға тапсырды", - деді жас орындаушы.

    Сонымен қатар әннің авторы Ерік Ахим Оңтүстік Кореядан тікелей байланысқа шығып, ән туралы толығырақ айтып берді. Ерік Ахим айтуынша, бұл әнді шығаруға еліміздегі қаңтар оқиғасы түрткі болған.

    Ал ән сөзінің авторы елімізге танымал рэп орындаушысы Delacure ( Делакур ) болып шықты.

    Әлеуметтік желіде хит болған жаңа әннің орындаушысы мектеп оқушысы болып шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.