"Мінезі менікінен асады": Сейфуллин Жолбарыстың жұбайы енесі туралы айтты (видео)
Жарияланған күні:

Әнші Сейфуллин Жолбарыстың өнерде жүргеніне биыл 30 жыл толған. Өнер иесі жұбайымен "1001 түн" бағдарламасына қонаққа келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Екатерина Жолбарыс бірнеше жылдан бері 94 жасқа келген енесінің күтімімен айналысады.
"Аманкүл апамызға қарап жатқаныма 15 жыл болды. Әлі де бақуат, шауып жүр. Екіқабатты үйіміз бар, сол екінші қабатқа өзі көтеріліп, өзі түсе береді.
Бешбармақ, палау, қаттама нан бәрін жасай аламын. Сол кісіден үйрендім. Құдайға шүкір, ол кісінің мінезі менікінен асады. Сондықтан мені басатындай жағдайы бар", - деді Екатерина Жолбарыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1991379-minezi-menikinen-asady-seifullin-zolbarystyn-zubaiy-enesi-turaly-aitty-video/