jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашып, үлкен қалаға келген келіншек туралы сериал көрерменге жол тартты

    Жанель Серғазина
    Жанель Серғазина. Фото: Salem social media

    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге мотивация беретін, өміріне үміт сыйлайтын "Няня" телехикаясы көпшілікке жол тартты. Аз бөлімді шағын телехикаяның жоба режиссері, сценарисі Олжас Ермекбаев сериалдың қыз-келіншектердің өмірден тепе-теңдік табуына және өзгеруіне көмектесетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Аталмыш "Няня" сериалын Salem social media түсірген және ол “Алматы” телеарнасы арқылы көрерменге жол тартты.

    "Salem-нің алғашқы және негізгі аудиториясы 60,5 пайыз жігіттерден тұрды. Енді біз “Няня” веб-сериалы арқылы әйел адамдардың жүрегін жаулауға кірістік. Бір сөзбен айтқанда, біз үшін жаңа дәуір басталды", - деді Salem social media компаниясының бас продюсері Қуат Садықов.

    Веб-сериалда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашып, баласымен үлкен қалаға келген келіншектің өмірі бейнеленеді. Ол баласына жағдай жасап, асырау үшін бірнеше жерде жұмыс істеп көреді. Нәтижесінде құрбысымен бизнес бастап, өмірдің жаңа баспалдағына көшеді. Басты кейіпкер Жанардың тағдыры мен батылдығы көп әйелге үлгі бола алады.

    "Біз әр бөлімді шынайы оқиғаларға негіздеп жасадық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасындағы қиындықтар қоғамда болып жатқан үлкен мәселе. Дегенмен, көпшілік отбасылар оны қалыпты жағдай ретінде қабылдап, нәтижесінде олардың жеке басында қиындықтар туындайды. Сериалдың басты мақсаты қыз-келіншектердің өміріне, жұмысына, махаббатына мотивация беру", - деді жоба режиссері, сценарисі Олжас Ермекбаев.

    Айта кетейік, көрермен "Няня"телехикаясын Youtube, Aitube желісіндегі Üide арнасынан және демалыс күндері "Алматы" телеарнасынан көре алады.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашып, үлкен қалаға келген келіншек туралы сериал көрерменге жол тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.