jitsu gif
Шоубиз

    "Шімән апа" образымен танылған актер қалай 22 келіге арықтағанын айтты (видео)

    Шімән апа
    Шімән апа. Фото: instagram.com/shiman_official

    Әзілкеш Ерболат Төлеген "1001 түн" бағдарламасында үш-төрт айда 22 келі салмақтан арылғанын айтты. Өнер иесі бала кезінен осы уақытқа дейін толықтықтан жапа шеккенін жасырмай баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі актерден "Шімән апа" рөліне қайта ораласыз ба?" деп сұрады.

    Ал актер 22 келі салмақ тастағанын, бірақ бұл жаңалықтың ойнайтын рөліне әсер етпейтінін айтты.

    "Мәселе, семіздік емес, рөлде ойнайтын - актер. 3,5 - 4 айдың ішінде 22 келі салмақ тастадым. Мен бұрыннан диета ұстап, тастап келе жатырмын. Бірақ соңғы диета нәтижесі осылай болды. Біреулер "Қатерлі ісікпен ауырмайсың ба?" деп жатады. Менің бойыма сәйкес салмақ осы. Бұрынғы салмақ қайтып келуі мүмкін. Бірақ осы салмақты өзім ұстап тұрамын.

    Бала кезден толық болдым. Толықтықтан жапа шеккен адаммын. Мектепте, сыныптастар, ағайын-туыстың балалары мазақ қылады. Одан бөлек артық салмақ өз денсаулығыңа зиян. Биікке көтерілгенде тізе ауырады. Артық салмақтың зиян екенін айтып жүрдім. Қазір салмақ тастағаннан кейін денсаулығым жақсарды", - деді Ерболат Төлеген.

    "Шімән апа" образымен танылған актер қалай 22 келіге арықтағанын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.