jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Өзіңдей анам болғанына шүкір етемін": Мақпал Жүнісованың қызы айтқан тілек көпшіліктің көңілін босатты (видео)

    Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты шындықты айтты
    Мақпал Жүнісова қызы Мереймен. Фото: ernur.kz

    Кеше халық әртісі Мақпал Жүнісова 59 жасқа толған болатын. Анасын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін айтқан әншінің қызы Мерейдің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін босатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қызы Мерейдің тілегін Мақпал Жүнісова Instagram желісіне жариялап қойды.

    "Анашым, туған күнің құтты болсын. Саған шын жүрегіммен бақыт тілеймін. Әрқашанда сен - менің жанымда, мен - сенің жаныңда болайын. Анасы мен қызы ретінде ара-қатынасымыз ешқашан бұзылмасын. Әрқашан бір-бірімізді сүйеп, қолдап жүре берейік.

    Мен сені шын жүрегіммен сүйемін, мама! Өзіңдей анам болғанына Аллаға күнде шүкіршілік етемін, алғысым шексіз. Менімен мақтануың үшін өмір бойы тырысамын", - деді Мерей Заманбекқызы.

    Ал желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттықтап, қызы Мерейге бақыт тіледі.

    "Мақпал апай, қызыңыз өзіңізге қатты ұқсайды", "Анасы да, қызы да бақытты болсын", "Қандай керемет тілек айтып тұр", "Анасына деген шексіз махаббаты көрініп тұр. Мерей - өте тәрбиелі, саналы қыз", "Туған күніңіз құтты болсын", "Жүз жасаңыз", - деп жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, туған күнін ұшақта қарсы алған Мақпал Жүнісоваға борт қызметкерлері тосынсый жасаған болатын.

    "Өзіңдей анам болғанына шүкір етемін": Мақпал Жүнісованың қызы айтқан тілек көпшіліктің көңілін босатты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.