jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Сасқалақтап қалады": Әбдіжаппар Әліқожа өзіне төрт бала сыйлаған әйелін неге көрсетпейтінін айтты

    Әбдіжаппар Әліқожа сұхбат барысында
    Әбдіжаппар Әліқожа. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

    Әнші Әбдіжаппар Әліқожа келіншегін көпшілік алдына неге шығармайтынын айтты. Бұл туралы ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Егер менің жарым әнші, актриса немесе өнер адамы болса, көрсететін едім. Өнердің сахнасына алып келетін едім. Ол өнерге дым қатысы жоқ, бірақ тұрмысқа қатысы зор. Аграрныйда оқыған. Сол өзінің тірлігін жақсы істеп жүрсе, болды маған. Отбасымды көрсетіп, шулатудың қажеті жоқ маған. Өзім той бердім. Төрт балам, келіншегім бар екенін жұрт біледі. Ол өнерге дым қатысы жоқ, миркофон ұстаса сасқалақтап қалатын келіншек ол. Сасқалақтап қалып, бірдеңе айтып қойса?! (күлді). Одан да өнер жайлы әңгіме айтып, өзіміз шай ішіп, отыра берейік", - деді Әбдіжаппар.

    Әбдіжаппар Әліқожа Қазақстандағы танымал әншілердің бірі. Ол "Тәтті ару" әні арқылы халыққа кеңінен танылып, "Оригиналсың, "Керексің", "Мақпалым-ай" атты хит туындыларды орындап жүр.

    "Сасқалақтап қалады": Әбдіжаппар Әліқожа өзіне төрт бала сыйлаған әйелін неге көрсетпейтінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.