jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Қайын атасы деп есептелгенмен, мен олардың әкесімін": Жұбаныш Жексенұлы келіндері туралы айтты

    Жұбаныш Жексенұлы
    Жұбаныш Жексенұлы. Фото: "Өмір көркем" бағдарламасы

    Осыдан бірнеше күн бұрын әнші Жұбаныш Жексенұлы Алматыда жанды дауыста жеке кешін өткізді. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында алдағы жоспарларын бөлісіп, отбасылық өмірде қандай қайын ата екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Менің бір емес, екі келінім бар. Өзім мынадай атамын деп айтсам, ыңғайсыз болар. Дегенмен де, өзімнің екі келінімді өте жақсы көремін. Біз кез келген толқында сөйлесе алатын адамдармыз. Атадан бұрын оларға жасыммен де, болмысыммен де әкелік қамқорлығым жақынырақ деп ойлаймын. Қайын атасы деп есептелгенмен, мен олардың әкесімін", - деді Жұбаныш Жексенұлы.

    Сонымен қатар Жұбаныш Жексенұлы жақында АҚШ-қа әнсапарға аттанатынын айтты.

    "Алғашқы рет Америка жерінде Наурыз тойы тойланбақшы. Соған шақырту алғанбыз, барып қайтамыз. Енді елдің атынан барып, Наурыз тойлаудың өзі әрбір әртіс үшін мәртебе деп ойлаймын", - деді Жұбаныш Жексенұлы.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жұбаныш Жексеннің ұлы италиялық аруға үйленген болатын. Өнер иесі ұлының өзге ұлт өкіліне үйленуіне қарсы болғанын, ал қазір төрт жасар немересі барын айтқан болатын.

    "Қайын атасы деп есептелгенмен, мен олардың әкесімін": Жұбаныш Жексенұлы келіндері туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.