jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Ерекше сыйлық": Қайрат Нұртасқа концертінде тыңдарманы сүрленген ет пен қазы сыйлады (видео)

    Қайрат Нұртас
    Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/kair_n

    Қайрат Нұртасқа Оралдағы концертінде тыңдарманы тосынсый жасады. Хитменнің фанаты әншіге бір пакет сүрленген ет пен қазы тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл сәттің видеосы TikTok желісінде пайда болды.

    "Мынау - бағалы сыйлық. Мынау - өзіміздің Оралдың, Жайықтың суын ішіп, көк шөбін жеген жылқының сүрленген еті мен қазысы. Ақсоғым деген ауылдың еті. Менің замандастарым Нұртас пен Гүлзира ханымға тарту.

    Алда 22 наурыз, "Орал халқының атынан", "Оралдың дәмі" деп еске алып жерсіңдер. Мен саған гүл сыйлағанша, ет сыйлап отырмын", - дейді әншіге сыйлық табыстаған әйел.

    Ал желі қолданушылары бұл сыйлықтың ерекше екенін айтып, жарыса пікір қалдыруда.

    "Жарайсыңдар, Орал", "Ерекше сыйлық", "Қандай керемет", "Енді сыйлық үйіне дейін аман-есен жетсе екен", "Қандай керемет", - деп пікір білдірді желідегілер.

    "Ерекше сыйлық": Қайрат Нұртасқа концертінде тыңдарманы сүрленген ет пен қазы сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.