jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Айлығым 132 мың теңге": Талай сериалдың кейіпкерін қазақша сөйлеткен актер жалақысын жасырған жоқ

    Қайрат Әділгерей
    Қайрат Әділгерей. Фото: Instagram/kairat_adilgerey

    Қайрат Әділгерей дубляж жасағаны үшін бір айда қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы "Жақсы адамдарым" бағдарламасында белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Өзім жан жүрегіммен, жан-тәніммен дубляжды жақсы көремін. Өйткені дубляжда демаламын. 2004 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірген соң, балалар мен жастар театрына бардық. Қабылдамады. Әуезов театрына бардым, алмады. Абай атындағы опера және балет театрына бардым. Оған да қабылдамады. 2005 жылы Ұлттық арнада дубляж бөлімі ашылды. Содан бері істеп келе жатырмын. Мен үшін дубляж қара шаңырақ болып есептеледі. Қатты жақсы көремін. Дуюляждан шаршамаймын. 132 мың теңге айлығым бар", - деді Қайрат Әділгерей.

    Еске сала кетейік, Қайрат Әділгерей қазақ тіліне аударылған фильмдер мен телехикаялардың басты кейіпкерлерін дубляждаған. Әріптестерінің айтуынша, ол бір фильмдегі бірнеше кейіпкерді еш қиындықсыз дыбыстайды.

    Қайрат Әділгерей бұған дейін желіде таралған видеосына түсініктеме беріп, неліктен құлап қалғанын айтқан болатын.

    "Айлығым 132 мың теңге": Талай сериалдың кейіпкерін қазақша сөйлеткен актер жалақысын жасырған жоқ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.