jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Актер Рүстем Жаныамановтың жұбайы қалай танысқандарын айтып берді

    Рүстем, Жанаргүл Жаныамановтар
    Рүстем, Жанаргүл Жаныамановтар. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Отандық актер Рүстем Жаныамановтың жұбайы Жанаргүл күйеуімен алғаш танысқан сәтін еске алды. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген жұлдызды жұп таныстығына өнер академиясы арқау болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Біз 2009 жылы өнер академиясында таныстық. Ол кезде әлеуметтік желі жоқ. Ол уақытта Рүстем тіпті танымал актер де емес еді. Театр режиссері еді. Ал мен актриса болып оқуға түскен болатынмын. Сол кезде емтиханда актриса болып ойнадым. Сол кезде басталды", - деді Жанаргүл Жаныаманова.

    Сонымен қатар Жанаргүл жұбайы Рүстем Жаныамановтың "Келінжан" телехикаясындағы кейіпкері Қылышбекке қаншалықты ұқсайтынын айтты.

    "Қылышбекке ұқсайтын жері де, ұқсамайтын қасиеті де бар. Даналығы, сабырлығы ұқсайды. Ал әйелжандылығы ұқсамайды", - деді актердің жұбайы.

    Естеріңізге сала кетейік, Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл бүгінгі таңда үш ұл тәрбиелеп отыр.

    Актер Рүстем Жаныамановтың жұбайы қалай танысқандарын айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.