jitsu gif
Шоубиз

    Ерке Есмахан өзінің жүктілігіне қатысты қауесетке нүкте қойды (фото)

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Отандық әнші Ерке Есмахан өзінің жүктілігіне қатысты қауесетке нүкте қойды. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әнші әлеуметтік желіде сурет жариялап, аяғының ауыр еместігін жазды.

    Алайда желі қолданушысының бірі әншінің бұл сөзіне күмән келтіріп, "Онда неге суретте аяғыңыз ауыр сияқты", - деп сауал жолдаған Ерке Есмаханға.

    Ал әнші желіге жариялаған суретінің тұрмысқа шықпай тұрып түсірілгенін түсіндірді.

    "Өсек таратпай тұра тұрыңыздар. Баяғы қыз кезімде түскен сурет. Білмеймін, неге ішім бар сияқты болып қалған. Әлеуметтік желіге шықсам, бірден өсек. Ештеңе жарияламай, тыныш отырғаным жақсы еді", - деп жазды Ерке Есмахан.

    Естеріңізге сала кетейік, жақында тұрмысқа шыққан Ерке Есмаханның жарына ауызашарға дастархан дайындаған видеосы әлеуметтік желіге таралған болатын.

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.