jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Баппен өсіргеніңіз үшін рахмет": Ләйлә Сұлтанқызы анасын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

    Ләйлә Сұлтанқызы анасымен
    Ләйлә Сұлтанқызы анасымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

    Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады. Ол анасына деген лебізін Instagram желісінде жариялап, естелік суреттерін көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Тезекке нан жауып, сиыр сауып, ішек-қарын тазалауды үйреткен анашым, туған күніңізбен! Бала үшін анасының амандығы мен бақытты жүзін көргеннен асқан бақыт жоқ. Қанаттыға қақтырмай, қатты сөйлемей, баппен ұстап өсіргеніңіз үшін рақмет. Әрқашан біздің тілеуімізді тілеп отыратын анашым-ай. Дәл қазір кеудеңе басымды қойып, шашымнан иіскегенің жетпей тұр. Әлемді шексіз мейірімділігімен құшағына сыйдыра алатын асылым.

    Аллам ғұмырыңызды ұзақ қылсын. Менің ең үлкен махаббатым, Дишинкам (Ләйлә Сұлтанқызының анасы - ред.)", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

    Желі қолданушылары да тележүргізушінің анасын туған күнімен құттықтап, желіде пікір қалдырды.

    "Анаңыз жүз жасасын", "Немерелерінің қызығын көрсін", "Өмір жасы ұзақ болсын", "Анаңыз аман болсын", - деп жазды желідегілер.

    "Баппен өсіргеніңіз үшін рахмет": Ләйлә Сұлтанқызы анасын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.