Шоубиз

Зектілері

Қазақстандық әнші Mona Songz Алматыда алғаш рет жеке кешін өткізбекші

Жарияланған күні:

Mona Songz
Mona Songz. Фото: instagram.com/mona_songz

Қазақстандықтарға Mona Songz лақап есімімен танылған әнші Манарбек Жұматай алғашқы жеке кешіне дайындығының қалай өтіп жатқанын айтты. 27 жастағы әнші мамыр айында Алматы қаласында алғаш рет жеке концерт қояды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Mona Songz айтуынша, ол бала кезінен музыкаға әуес болған.

"Менің отбасымда бәрі ән айтады. Анам маған ән салуды үйретсе, әкем гитарада ойнауды үйретті. 6-7 жасымнан бастап түрлі ән байқауына қатыстым. Шығармашылық жолым университет қабырғасында басталды. Дима Биланның, Андрей Губин мен Джастин Бибердің әндерін ұнаттым. Ал қазақстандық орындаушылардан "Музарттың" әндерін сүйетінмін.

Енді 4 мамыр күні Алматыда алғаш рет өзімнің жеке кешімді өткізбекшімін. Жанды дауыста ән саламын. Кеш ерекше, жайлы атмосферада өтеді", - деді Mona Songz weproject.media сайтына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2018143-qazaqstandyq-ansi-mona-songz-almatyda-algas-ret-zeke-kesin-otkizbeksi/