jitsu gif
Шоубиз

    Отандық әнші Кенталдың екінші ұлы өмірге келді (фото)

    Кентал жұбайымен
    Кентал жұбайымен. Фото: instagram.com/kenzhebulatova_m

    Кентал лақап атымен қалың көпшілікке танылған отандық әнші Талғат Кенжеболатовтың екінші ұлы дүние есігін ашты. Бұл жайлы әншінің әйелі Милана Instagram парақшасында мәлім етіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қош келдің, ұлым. Біздің екінші ұлымыз өмір есігін ашты, Аллаға шүкір", - деп жазды Кенталдың жұбайы.

    Желі қолданушылары әншінің отбасындағы қуанышқа ортақтасып, ақ тілегін жаудырған.

    "Бауы берік болсын", "Бақытты болыңыздар", "Керемет отбасы", "Ғұмырлы болсын", "Құшағыңыз сәбиге толсын", - деп жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, Кентал мен жұбайы Милана 2020 жылдың мамырында шаңырақ көтерді. Кенталдың тұңғыш ұлы 2021 жылы дүние есігін ашқан болатын.

    Отандық әнші Кенталдың екінші ұлы өмірге келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.