jitsu gif
Шоубиз

    Бейтаныс арумен клип түсірген Қайрат Нұртас көпшілікті ойландырып қойды (видео)

    Қайрат Нұртас жұмбақ арумен клип түсіру барысында
    Қайрат Нұртас жұмбақ арумен. Фото: instagram/kair_n

    Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде жаңа бейнебаянының үзіндісін жариялады. "Табиғат" әнінің клипіне түскен бейтаныс бойжеткен көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушылары видеода теріс қарап тұратын бойжеткенді Қайраттың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімоваға ұқсатуда.

    Ал оқырмандардың бір бөлігі оның мүлде бөтен адам екенін алға тартқан.

    "Жұлдыз емес. Мұның шашы ұзын, Жұлдыздың шашы қысқалау", "Жұлдыз жұлдыз болып кетті. Қайратқа шықпағанда оны ешкім танымайтын еді", - деп пікір жазды тыңдармандар.

    "Осы клипке неге Жұлдызбен бірге түспедің?", - деген сұраққа әнші: "Түспесе не істейін?", деп жауап берген.

    Видеодан бейнебаян "Шарын" шатқалында түсірілгенін байқауға болады. Ал бейнебаянның нақты қашан шығатыны белгісіз.

    Айта кетелік, бұған дейін әншінің жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова қыздарының алаяқтарға алданғанын айтқан болатын.

    Бейтаныс арумен клип түсірген Қайрат Нұртас көпшілікті ойландырып қойды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.