jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Құны 150 млн теңгеден кем емес: Әсел Сәдуақасова жұбайынан мәһрге не сұрады (видео)

    Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен
    Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен. Скриншот: instagram.com/asselsadvakassova

    Осыдан бірнеше күн бұрын 38 жастағы актриса Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші сүйіктісіне тұрмысқа шыққан болатын. Өнер иесінің мәһрге не сұрағанын жұбайы Мағжан Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әсел Сәдуақасованың жұбайынан алған сұхбатын Бейбіт Әлібеков Instagram парақшасында бөлісті.

    "Бүгін үйленген күніміз. Сондықтан әзірге түсініксіз сезімдемін. Бірақ ұнап жатыр. Неке жүзігімді тағып жүрмін.

    Мәһрге 2023 жылғы су жаңа Gelandewagen көлігін сұрады", - деді актрисаның жұбайы Мағжан.

    Айта кетейік, kolesa.kz сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Әсел Сәдуақасова мәһрге сұраған көліктің бағасы 149-165 млн теңге шамасында.

    Mercedes-Benz G 63 AMG 4MATIC 2023 г
    Mercedes-Benz G 63 AMG 4MATIC 2023 г. Скриншот: kolesa.kz

    Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Әсел Сәдуақасованың өзінен 7 жас кіші жігітпен көңіл жарастырғаны белгілі болды.

    Кейінірек актрисаның өзі бұл ақпаратты растап, сүйіктісін көпшілікке таныстырды.

    Ал бірнеше күн бұрын Әсел Сәдуақасова жігітімен заңды некесін қидырды.

    Құны 150 млн теңгеден кем емес: Әсел Сәдуақасова жұбайынан мәһрге не сұрады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.