Шоубиз

Зектілері

"Қуанғаннан жылап жүргем": Нұрлан имам әйелімен қалай танысқанын айтып берді

Жарияланған күні:

Нұрлан имам
Нұрлан имам. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы әйелімен қалай танысқанын айтып берді. "Алғашқы" бағдарламасында жұбайына неше кездесуден кейін үйленгенін баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол кісіге өзім сабақ бергем. Содан тағдыр шығар, қосылдық. Анасы марқұм жақсы кісі еді, әкесі де. Сонымен бұйрық екен үйлендік.

Мен күнде сабақ бердім ғой. Күнде көріп, сөз байласып, үйлендік", - деді Нұрлан имам.

Сонымен қатар имам тұңғышы дүниеге келгенде қандай сезімде болғанын бөлісті.

"24 жасымда тұңғыш қызым дүниеге келді. Мен қызымды көрмей тұрып жылап қалдым. Далада жүріп, қуанғаннан жылап жүргем. Одан кейін де өзіндік қуаныш болады. Бірақ тұңғыштың аты тұңғыш қой. Бүгінде бес балам бар", - деді Нұрлан имам.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан имам осыған дейін Астанадағы мешітке бас имам боп тағайындалғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2026338-quangannan-zylap-zurgem-nurlan-imam-aielimen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi/