"Мені тойына шақырған жоқ": Мәлік Әбдіраман "Бауыржан шоудағы" әріптестерімен мүлде араласпайтынын айтты
Жарияланған күні:

Белгілі актер Мәлік Әбдіраман бұрын өзі өнер көрсеткен "Бауыржан шоу" театрындағы әріптестерімен мүлде араласпайтынын жеткізді. Бұл туралы БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазір олармен қарым-қатынасым жоқ. Араласпаймын. Тек өзімнің туған нағашым Әбунасыр Серіковпен арасында сөйлесіп тұрамын. Туыстан алыстай алмаймын ғой, енді. Мені сол кісі алып келді өнерге.
Қарым-қатынас жоқ. Олардың ойынша мен әлі актер емеспін ғой. Бауыржан ағамның (Бауыржан Ибрагимов - ред.) алпыс жылдығы болды. Мені шақырған жоқ. Оған ренжімеймін. Шақырса да қолым тимейтін еді. Түсірілімде болдым. Жарайды, енді.
Бірақ "Бауыржан шоу" маған өнерде де, өмірде де сабақ болды. Ойлаңызшы, Жүргеновті қанша студент бітіреді. Ал мен 22 жасымда "Бауыржан шоу" арқасында танылдым. Сол авторитетпен біраз жыл жүрдім. Біраз адам мені тойға алды", - деді актер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәлік Әбдіраман өзін "Бауыржан шоудан" қалай шығарып тастағанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2026916-meni-toiyna-saqyrgan-zoq-malik-abdiraman-bauyrzan-soudagy-ariptesterimen-mulde-aralaspaitynyn-aitty/