jitsu gif
Шоубиз

    Әнші Бейбіт Қорған көпшіліктен кешірім сұрады

    Бейбіт Қорған
    Бейбіт Қорған. Фото: Instagram / @beibitkorgan

    Отандық әнші Бейбіт Қорған Instagram-дағы Stories-те Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда өткен концертке үлгермей қалғаны үшін ағайын, туыстарынан кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    10 шілде күні Астанада елорданың 25 жылдығы мен Байқоңыр ауданының 5 жылдығына орай танымал отандық әншілердің қатысуымен Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда концерт өткен болатын.

    9 шілдеде Бейбіт Қорған өзінің Instagram парақшасында мерекелік іс-шараға шақыру жазбасын жариялаған еді.

    "Ертең күтемін сіздерді, достар! Келіңіздер! Қош келдіңіздер", - деп жазды әнші жазбасының сипаттамасында.

    Бірақ бүгін, 11 шілде күні Instagram-дағы Stories бөлімінде ол концертке қатыса алмай қалғаны туралы айтты.

    "Ассалаумағалейкүм құрметті ағайын, туысқандар! Өте қатты кешірім сұраймын, міне, жолда кетіп бара жатырмын. Филармониядағы болатын концертке үлгере алмай қалдым, кешірім сұраймын. Әлі де алда талай концерттерде бұйырса жолығамыз деп қолымнан келгенше уәдемді беремін.

    Алла разы болсын! Амандықта жолығайық. Мен үшін алтын уақытыңызды бөліп, келгендеріңізге Алла разы болсын деймін және басымды иемін. Шын жүректен рахмет", - деді Бейбіт Қорған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін отандық әнші Бейбіт Қорған "Ұйқым келмейді" бағдарламасында отбасына байланысты жан сырын ақтарған. Бағдарлама барысында әнші жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, жіберген қателіктерінің көп екендігін айтқаны туралы жазған едік.

    Әнші Бейбіт Қорған көпшіліктен кешірім сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.