jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Сөзбен жеткізе алмайтын бақыт": Роза Рымбаева немересі жайлы айтты

    Роза Рымбаева немересімен
    Роза Рымбаева немересімен. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

    Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева биылғы жылдың ақпанында немерелі болған еді. Роза Қуанышқызы тұңғыш немересі Зейін жайлы "Еркін сұхбат" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Немерем дүниеге келді. Сол немеремді шыр айналып, бақыттан басым айналып, әже болып отырмын. Оның күннен-күнге өсуі, қылығы мен мінезінің өзгеруі ерекше. Бұл бақытты тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Мені мен сияқты әжелер түсінеді. Ол енді ерекше, сөзбен жеткізе алмайтын бақыт. Сондықтан мен әже бақытын көріп отырмын", - деді ағынан жарылған Роза Рымбаева.

    Айта кетейік, Роза Қуанышқызының үлкен ұлы Әли Оқапов пен "Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай 2020 жылы шаңырақ көтерді.

    Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның немерелі болғаны жайлы ақпарат биылғы жылдың ақпанында желіге тарады.

    Ал кейінірек халық әртісі Роза Қуанышқызы көптен күткен тұңғыш немересі Зейіннің бесік тойын жасап, қонақтардың басын қосты.

    Осыдан кейін Әли Оқапов көпшілікке ұлын көрсетіп, әйеліне су жаңа темір тұлпар сыйға тартты.

    "Сөзбен жеткізе алмайтын бақыт": Роза Рымбаева немересі жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.