jitsu gif
Шоубиз

    "Ұл тап": концертте халыққа сәлем салған әнші Kalifarniya-ның келіншегіне жұрт риза болды

    Фархат пен Анеля
    Фархат пен Анеля. Фото: instagram.com/aanelyin

    Жақында танымал биші қызбен шаңырақ көтеріп, үйлену тойын өткізген әнші Kalifarniya Алматыда өткен концертте ән айтты. Сахнада күйеуінің артында өнер көрсетуге шыққан Анель халыққа сәлем салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Көпшілікке сәлем салған видеосын Анельдің өзі TikTok желісінде жариялады. Бейнежазбадан билеуге дайындалып тұрған бишілер мен Kalifarniya-ны көруге болады.

    Сахнада келіншегін іздеген әнші "Менің халқыма сәлем сал" дегені естіледі. Күйеуінің сөзін жерге тастамаған Анель жиналған адамдарға иіліп сәлем берген.

    Видеоны көрген желі қолданушылары ерлі-зайыптыға бақыт тілеп, ризашылықтарын білдірді.

    "Бақытты бол, айналайын", "Жаным, сәлем сал десе, салып қояды өзі, алтын қыз", "Жаным, сәлем салғаны жарасып тұр өзіне", "Ұл тап", "Қыз тап, егізден тап", "Жарайсыңдар", "Тәп-тәтті жұп өзі", "Тәңір тілеуіңді берсін", - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, Kalifarniya биыл шілде айында шаңырақ көтерген болатын.

    "Ұл тап": концертте халыққа сәлем салған әнші Kalifarniya-ның келіншегіне жұрт риза болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.