jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    53 жастағы биші атыраулықтарды қала күнімен ерекше құттықтады

    "Дос Мұқасан" тобына арналған ескерткіштің жанында билеп тұрған Ерғалым Карпеков
    "Дос Мұқасан" тобына арналған ескерткіштің жанында билеп тұрған Ерғалым Карпеков. Видеодан кадр: youtube.com/@eraka70

    53 жастағы атыраулық биші Ерғалым Карпеков атыраулықтарды қала күнімен ерекше құттықтады, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

    Басылым жазуынша, Ерғалым Карпеков қала күніне орай Ретро саябағындағы "Дос Мұқасан" тобының құрметіне қойылған ескерткіштің жанында заманауи стильде би билеп, туған қаласына деген махаббатын ерекше білдірген.

    "Осы жерде туып-өстім, осында өз махаббатымды және достарымды кездестірдім. Осы үшін ризамын. Туған күнің құтты болсын, Атырауым!", - дейді 53 жастағы биші.

    Басылым мәліметінше, Ерғалым Карпеков бұған дейін де туған қаласына деген махаббатын би арқылы жеткізген.

    Мысалы, ол 2016 жылы қаладағы "Мен сүйемін" стелласының алдында "Атырау, махаббатқа сенемін" музыкалық композициясы әуеніне (орындаушы Li Long) топ-рок стилінде би орындаған.

    53 жастағы биші атыраулықтарды қала күнімен ерекше құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.